«Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысына баспасөз релизі

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленген.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.

Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5224676

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты

жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер

бөлімі ММ басшысының орынбасары                  Ү. Айтбаева

Дата публикации
22 октября 2020