«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру секторының бас маманы, E-R-4

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат


Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.02.2025 - 10.02.2025
Қабылдау 1 этап: 11.02.2025- 13.02.2025
Қабылдау 2 этап: 17.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 18.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 21.02.2025
Сұхбат: 26.02.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:


«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:


«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету», «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу», «Инвестициялық жобаларды іске асыру» әкімшілік бағдарламалары бойынша өткізілген конкурстардың шарттарына сәйкес мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру. Мердігер ұйымдардың келесі іс-шаралар бойынша өткізілген конкурстардың шарттарына сәйкес жұмыстардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру: қаланың автожолдарын ағымдағы жөндеу; кірме жолдарды орташа, ағымдағы жөндеу; аудандық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеу. Ақау актілерді жасау. Орындалған жұмыстар актілеріне қол қою құқығымен орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын қабылдау. Құрамында жол-құрылыс жұмыстары (жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, асфальт, бетон, төсеніштер) бар жер жұмыстарына, сондай-ақ жер жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды қабылдауда алдын ала келісу актілерін келісу бойынша жұмыс жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қала әкімінің және жоғары тұрған органдардың шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуы туралы ақпараттар мен есептердің анықтамаларын дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау кезінде заңнама нормаларын сақтау жөніндегі жұмыс.

Білімі бойынша талап:


Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, машина жасау, автоматтандыру және басқару, сәулет, құрылыс, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, аспап жасау, жылу энергетикасы, технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), стандарттау және сертификаттау, көлік құрылысы, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, инженерлік жүйелер мен желілер, көлік, көлік техника және технологиялары, электр энергетикасы

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру секторының бас маманы, E-R-4
Дата публикации
03 февраля 2025