«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.01.2025 - 03.02.2025
Қабылдау 1 этап: 04.02.2025- 06.02.2025
Қабылдау 2 этап: 10.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 14.02.2025
Сұхбат: 19.02.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық базасының, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және куәлік беру бойынша «Е- Собес» автоматтандырылған ақпараттық базасының жүргізілуін, құжаттардың уақтылы өңделуін іске асыру. Қажеттілігі бойынша тұрғын үй көмегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесінде есеп беруді қалыптастыру. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау. Сектор құжаттарын уақтылы өңдеу және Бөлімнің мұрағатына тапсыру. Тұрғын үй көмегін төлеуге тізімдемелерді ай сайын қалыптастыру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу бойынша учаскелік комиссияда жұмыс жасау. Қайырымдылық акцияларын өткізу бойынша ақпарат әзірлеу, халыққа қайырымдылық көмек көрсету бойынша деректерді талдау мақсатында Екібастұз қаласы мекемелерімен, кәсіпорындарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ету. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу және оларға куәлік беру бойынша арнаулы комиссия хатшысының міндеттерін атқару. Комиссия
отырысын өткізу үшін материалдар дайындау, ұйымдарға сұрау салулар жіберу. Кадрлық өзгерістерді ескере отырып арнаулы комиссия құрамына өзгерістерді уақтылы енгізу.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: менеджмент, халықаралық құқық, психология, құқықтану, педагогика және психология, әлеуметтану, маркетинг, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, әлеуметтік жұмыс, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.