«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау
комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылсын - Төрт-Құдық ауылдық округінің шекарасында Төрт-Құдық сайлау округі.
2. Осы қаулы сайлау округінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында, «Отарқа», «Голос Экибастуза» қалалық газеттерінде жариялансын.