Павлодар облысы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына, 3 тармағына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімін сайлау 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалсын.

2. 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Павлодар облысы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында, «Отарқа», «Голос Экибастуза» қалалық газеттерінде жариялансын.

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
11 декабря 2024