Екібастұз қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 8 қарашадағы    №12 хаттамасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, әкім шешімінің жобасымен Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы шешімнің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Екібастұз қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
11 ноября 2024