Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтамасы

  1. Нормативтік-құқықтық база.

     «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

  1. СТІТ жүргізу туралы бұйрық, жауаптылар.

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Б. Туребеков 2024 жылғы 03 маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде  № 10 бұйрықты шығарды.

СТІТ жүргізуге:

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Жандарбек Ботабекович Туребеков;  Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Айнара Касеновна Умарова;  Екібастұз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бота Сахиденовна Айткешова;  Екібастұз қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Мадина Жумабековна Наушева;  Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Канаш Жумажанович Рахимбеков; Екібастұз қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлзейнеп Ануарбековна Есембаева; Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Толкын Турсынхановна Даирова; Алима Сагидоллаевна Рахимжанова Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі жауапты болып белгіленді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтамасы
Дата публикации
27 сентября 2024