Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

Ескерту

1

НҚА-да анықталған коллизиялар туралы ұсынысты уәкілетті органдарға жіберу (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы»  №750 бұйрығымен бекітілген  «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01  қазандағы  №301 бұйрығымен бекітілген «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» көрсетілетін  мемлекеттік қызметі бойынша)

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

2024 жылғы 31.10

 

2

Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін енгізу туралы ұсыныс жіберу.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

2024 жылғы 31.10

 

3

Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлеуші органға (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 09.29 № 485 бұйрығы), уәжді бас тарту, кері қайтару, жеке және заңды тұлғалардың қашықтан келіп түскен өтініштерін екіұшты түсіну және қарау фактілерін болдырмау мақсатында «әлеуметтік инфрақұрылым», «өнеркәсіптік объектілер», «елді мекендердің шекаралары» ұғымдарын жалпы ережелерге немесе жеке тарауға енгізу жөнінде ұсыныс жасау.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

4

Конкурстық құжаттаманың жобасын дайындау бөлігінде Бірыңғай ұйымдастырушыға техникалық ерекшеліктерге, біліктілік талаптарына және шарт жобасына белгілі бір өнім берушілер үшін «келтіру» деп аталатын жоғары талаптардың, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделмеген әкімшілік емес талаптардың болуына тұрақты негізде тексеріс жүргізу қажеттігін заңнамалық деңгейде бекіту туралы ұсынысты жіберу.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

5

НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу:

- 2017 жылғы 24.04 № 235 бұйрықпен бекітілген сәйкестік туралы декларацияның 3-қосымшасы 13-тармағына «халықты әлеуметтік қорғау органы» ұғымын нақтылау бөлігінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әкімшілік жазалау шараларын қабылдауға және бұзушылықтарды жоюға нұсқама беруге құқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарының жауапкершілігін нақты белгілеу;

- сәйкестік туралы декларацияны келісімдеуді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу жөніндегі мәселені қарастыру, бұл объектіні пайдалануға беруге қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және құқыққа қайшы әрекеттердің туындауын болдырмауға мүмкіндік береді.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

6

2021 жылғы 25.03 №84 бекітілген «Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ережеге иесінің куәлігін жоғалтудан басқа қандай жағдайларда (бүліну, табиғи тозу, оқылмау және т.б.) телнұсқаларды беруге болатындығын толықтыру қажеттігі туралы уәкілетті органдарға ұсыныс жолдау.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

7

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» және «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша басқа мемлекеттік рұқсат беру қызметтеріне ұқсас «Е-лицензиялау» (elicense.kz) порталы арқылы өтінім беруді енгізу туралы ұсыныс жіберу.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

2024 жылғы 31.10

 

8

Е-лицензиялау АЖ әзірлеушілеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы
1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сәйкестендіру туралы ұсыныс жіберу.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

2024 жылғы 31.10

.

 

9

Жер учаскесінің өтеусіз негізде берілуін тексеретін ақпараттық жүйені әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныс жіберу.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

2024 жылғы 31.10

 

10

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша: «Ел ішінде және ТМД елдерінде азаматтардың жекелеген санаттарының жол жүруі» көмек түріне  алдыңғы өтініш орындалмаған кезде өтініш енгізу мүмкіндігі туралы ұсыныс жолдансын.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

11

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асыру, сондай-ақ денсаулық сақтау және әрекетке қабілетсіз азаматтар ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс жіберу.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

12

Көрсетілетін қызметті алушылар дұрыс емес деректерді ұсынған кезде бюрократия мен созбалауды болдырмау мақсатында «Шетелдік жұмыс күші» ААЖ-да құжаттарды қабылдау кезінде Жұмыспен қамту бөлімі мамандарының түзетулер енгізуіне рұқсат беру қажеттілігі туралы ұсыныс жолдау.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2024 жылғы 31.10

 

13

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу үшін «Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы шешім беру» анықталған жасырын қызмет бойынша ұсыныс жіберу.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

2024 жылғы 31.10

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
27 сентября 2024