Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

ЖОБА

Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы Аты-жөні

 

Екібастұз қалалық маслихатының шешіміне

1-қосымша

Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1. Екібастұз қаласының аумағында жиналыстар, митингілер және пикеттер нысанында жария іс-шараларды өткізу орны болып келесі арнайы орындар айқындалсын:

1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы;

2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан жауынгер-интернационалистер сквері.

Демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін келесі маршрут айқындалсын: Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша (Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін) және Мұхтар Әуезов көшесі бойынша (Естай Беркімбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін).

2. Екібастұз қаласында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы үшін – екі жүз елу адам;

2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан жауынгер- интернационалистер сквері үшін – екі жүз елу адам.

Демонстрациялар мен шерулер нысанында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормалары әрбір маршрут үшін екі жүз елу адамды құрайды.

3. Екібастұз қаласының арнайы орындары материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) көше жарығының болуы;

2) бейнебақылау камераларының болуы;

3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

Дыбыс-бейне жазу техникасын, көрнекі үгіт құралдарын, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Заңның 9-бабының 5-тармағында көрсетілген жерлерден 400 метр қашықтықта айқындалсын.

Екібастұз қалалық маслихатының шешіміне 2-қосымша

Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

1. Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен пайдаланылады.

2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – бейбіт жиналыстарды өткізу үшін Екібастұз қаласының мәслихаты айқындаған ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушы және оның қатысушылары:

- өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болады;

- ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл желектердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасының ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;

- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының ерекше белгісін тағады.

4. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тәртіпті сақтау, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары, медициналық және өртке қарсы қызметтер қызметкерлерінің кезекшілігін қамтамасыз етеді.

Дата публикации
24 сентября 2020