Осы жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4- тармақшасына сәйкес және Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 2-04/90 ұсынысы негізінде әзірленді.
Осы шешімді қабылдау академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның "Талан" шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу іс-шарараларын алу мақсатында қажет.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz. бөліміне орналастырылды.