Шектеу іс-шараларын тоқтату және академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы «Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының «Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-05/7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА

Шектеу іс-шараларын тоқтату және академик Әлкей Марғұлан

атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы

«Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының

«Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында шектеу

іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-05/7 шешімінің

күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 2-04/90 ұсынысы негізінде, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылында орналасқан «Сахатайн Хошут» фермер қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы «Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының «Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-05/7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6725 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы              Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Екібастұз

қалалық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________________ Т. Жакенов

20__ жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігінің Тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

Павлодар облысының тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің Екібастұз қалалық

тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»

республикалық мемлекеттік

мекемесі басшысының міндетін атқарушы

_________________ Б. Тогаева

20__ жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

_____________ Е. Уразалимов

20__ жылғы «___» _________

Дата публикации
21 сентября 2020