Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі

2024 жылдың 22 сәуірінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс бойынша бірыңғай конкурстық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырыстар нәтижесі бойынша:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, санаты E-R-1, Р-4, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидат болмауына байланысты жалпы конкурс жариялау туралы шешім қабылданды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және коммуникация мәселелері жөніндегі орынбасары, санаты E-R-2, Р-6, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидат болмауына байланысты жалпы конкурс жариялау туралы шешім қабылданды;

Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі
Дата публикации
22 апреля 2024