Бекітілді
Екібастұз қаласы әкімдігінің
қаулысымен
«3» қараша 2014 жыл №1280/11
Ереже
Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы
кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы туралы
1. Жалпы ережелер
- Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздық пен үйсіздіктің алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты әрекет ететін коллегиялық орган болып табылады.
- Комиссияның жеке құрамы Екібастұз қалалық мәслихатымен бекітіледі.
- Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және жауапты хатшыдан құрылады. Төраға мен жауапты хатшы қала әкімі аппаратында штаттық лауазымдарды алады.
- Комиссия құрамына сәйкес мәслихат депутаттары, ішкі істер, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының өкілдері, жұмыспен қамту, қамқорлық және патронаж мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздық пен үйсіздіктің алдын алуға қызығушылық танытатын қоғамдық және басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді.
- Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыздығы мен үйсіздігін болдырмау туралы» заңдарына, осы Ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
- Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы органға қарасты, сонымен қатар жоғарыдағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына бағынышты және есеп беретін болып табылады. Комиссияларды құру тәртібі мен қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
-