Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

ЖОБА

ҚАУЛЫ

Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының ұйымдарында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ағымдағы жылғы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Екібастұз қаласының

әкімі                                            Е. Иманзаипов

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2020 жылғы «_____» ________

№_______ қаулысына

қосымша

Екібастұз қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы

Рр/с №

 

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

11

«Завод МВИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

1%

1

22

«Промэнергоизоляция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

76

1%

1

33

«Горэлектросеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

248

1%

2

44

«Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

315

1%

3

55

«KBI Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

986

1%

10

66

«Экибастузэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

114

1%

1

77

«Эверест-AUTO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

134

1%

1

88

«Жоламан-ЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53

1%

1

 

 

Дата публикации
03 сентября 2020