«Б»корпусыныңбосмемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуғажалпыконкурстуралыхабарландыру
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.03.2024 - 04.04.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.04.2024
Сұхбат: 15.04.2024
Анықтама телефоны: 340856
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын орындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді және қамтамасыз етеді. Екібастұз қаласы әкімінің және ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру. Есеп беру кездесулерінің барысында түсіндірілген мәселелерге қатысты банк деректерін жинау және жүргізу. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп өңірдегі қоғамдық – саяси ахуал туралы ақпарат дайындау. Қала әкімі аппаратының, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің тоқсандық іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар басшыларының өңірге келу бағдарламаларының жобаларын әзірлеу. Екібастұз қаласы әкімінің жұмыс кестесін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырып, оған тиісті өзгерістер енгізу және тарату. Іс-шараларға залдарды дайындауды ұйымдастыру.
Қаланың, ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әлеуметтік паспорттары деректерінің дұрыстығын және дер кезінде ұсынылуын ұйымдастыру және бақылау жасау. Қала әкімі жанындағы комиссиялардың, кеңестердің құрамына дер кезінде өзгерістер енгізілуіне бақылау жасау
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, құқық, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогикалық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарынның 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.