Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімдерін тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2024 жылғы 18 ақпанда өткен Екібастұз қаласының Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен 2024 жылғы 21 ақпанда:

 - Екібастұз қаласының Шідерті поселкесінің  әкімі болып 1986 жылы туған, Екібастұз қаласында тұратын Алмас Марленович Насиков тіркелді;

- Екібастұз қаласының Қоянды ауылдық округінің әкімі болып 1986 жылы туған, Екібастұз қаласында тұратын  Ержан Кабдрашитович Уразалимов тіркелді.

Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімдерін тіркеу туралы
Дата публикации
28 февраля 2024