ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 18 ақпанда екі сайлау округінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің  әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Шідерті поселкесі

Шідерті поселкесі әкімін сайлау бойынша.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2207 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 1182.  Жарамсыз бюллетеньдер саны  - 5,  «Барлығына қарсы» белгісі бар -  105.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

C.А. Айтмагамбетова – 86, М.Г. Карагасекова - 62, А.М. Насиков – 924.

Шідерті поселкесінің әкімі болып Алмас Марленович Насиков сайланды, 1986 жылы туған, «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы» ММ бас маманы, Екібастұз қаласында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

Қоянды ауылдық округі

Қоянды ауылдық округі әкімін сайлау бойынша.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 646 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 520. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Барлығына қарсы» белгісі бар - 28.

Әр кандидатқа берілген дауыстардың саны:

К.Х. Акажанова – 41, А.К. Инкарбаева – 30, Е.К. Уразалимов – 415.

Қоянды ауылдық округінің әкімі болып Ержан Кабдрашитович Уразалимов сайланды, 1986 жылы туған, «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» ММ бас маманы, Екібастұз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
19 февраля 2024