Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметінің есебіне талдамалық анықтама
2023 жылы қаланың жергілікті атқарушы органдары 23635 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде қағаз нысанда - 23, қағаз нысанда, бірақ олар «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін -116, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде («Электрондық үкімет www.egov.kz, www.elicense.kz» веб-порталын қоспағанда) - 13403. Электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы («электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 10093 қызмет, дәлелді бас тарту-1330.
Сондай - ақ, мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" порталы арқылы - 12322 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, дәлелді бас тарту-792.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау тұрғысынан 17 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында 111 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін жауапты мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 35 ұсыныс беріліп, бүгінгі күні олар орындалды.
Есепті кезеңде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Р.В. Сурдулдың 21.06.2023 жылғы (4.09.2023 жылғы №16 ұйғарым) өтініші бойынша «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 1 бұзушылықты анықтады. Жол берілген бұзушылық үшін жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасарының міндетін атқарушы А. К. Әбілханова сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың 3 -тоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне «Auto City Plus»ЖШС-ден «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 шағым келіп түсті, қарау қорытындысы бойынша бас тарту тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін Екібастұз қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ж. А. Успанова ескерту түріндегі (2023 жылғы 14.09. №27 нұсқама) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.