Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға облыс мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы (2024 жылғы 31 наурыздағы сайлау)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға облыс мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарға  эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

(2024 жылғы 31 наурыздағы сайлау)

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2024 жылғы 29 ақпаннан кешіктірмей  Екібастұз қалалық мәслихатының №1 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатың орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта:  tic_pav_ekb@saylau.kz, мекенжайы: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 48/2) ұсынуға тиіс.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Екібастұз қалалық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Екібастұз қалалық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға облыс мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы (2024 жылғы 31 наурыздағы сайлау)
Дата публикации
07 февраля 2024