Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімідеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 26 қаңтарда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында «2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Екібастұз қаласының Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» қаулы қабылданды.
2024 жылғы 26 қаңтарда жағдай бойынша Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімдеріне ұсынылған 6 кандидаттың 6-ы тіркелді.
Олардың ішінде әйел – 4 (67%), ер адам 2 (33%). Үміткерлердің орташа жасы – 40 жас. Ең үлкен кандидат 55 жаста, ең жас – 34 жаста.
Үміткерлер мамандығы бойынша: ақпараттық жүйелер, қазақ тілі және әдебиеті, мемлекеттік және жергілікті басқару, геодезия, құқықтану, ветеринария.
Үміткерлер қатарында: 1 - бюджеттік ұйымның қызметкері, 4 - мемлекеттік қызметкерлер, 1- қоғамдық бірлестік қызметкері.
2024 жылғы 28 қаңтар сағат 18:00 - ден бастап Шідерті поселкесінің және Қоянды ауылдық округінің әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар 2024 жылғы 17 ақпан күні сағат 00:00 - ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.