Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 113-5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне кандидаттарды тіркеу сайлау жарнасын төлегеннен кейін жүзеге асырылады.
Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын енгізеді:
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді;
Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын енгізеді:
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.