2024 жылғы 18 ақпанға белгіленген Павлодар облысы Екібастұз қаласының Шідерті поселкісі, Қоянды ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2024 жылғы 18 ақпанға белгіленген

 Павлодар облысы Екібастұз қаласының

Шідерті поселкісі, Қоянды ауылдық округі әкімдерінің

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

 

1. Екібастұз қаласының Шідерті поселкісі, Қоянды ауылдық округі әкімдерінің  (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 10 қаңтар

 (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2024 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей                                                                                                                                         

                                                                                   (22-б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ақпаратты жариялау 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

 2024 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ақпаратты жариялау 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -

2024 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау

 

  Екібастұз қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде -

2024 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе –

2024 жылғы 11 қаңтардан басталып, 2024 жылғы 23 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады                                                                                                       

                                                                                (113-3-б. 1, 5-т.)

7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-5-б. 11-т. 2) т.т.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға  қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

(113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда 2023 жылға белгіленген және тиісті қаржы жылының 01 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б.  2-т.)

 

12. Ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне – 2024 жылғы 1 қаңтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және тиісті куәліктерді беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылғы 11 қаңтардан басталып, 2024 жылғы 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жабдықтау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылғы 17 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                                  (27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                               (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкімнің қолы қойылған сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну

Екібастұз қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 29 қаңтарға дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2024 жылғы 2 ақпаннан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2024 жылғы 8 ақпанға дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда

2024 жылғы 15 ақпаннан ерте емес және 17 ақпаннан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2024 жылғы 18 ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшін  арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің, Қоянды ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындыларын анықтау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап үш күндік мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 21 ақпаннан кешіктірмей

(113-10-б. 1 т.)

 

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің, Қоянды ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 24 ақпаннан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституциямен және Сайлау туралы Конституциялық заңмен әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін

2024 жылғы 24 ақпаннан кешіктірмей

 (45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

2024 жылғы 18 ақпанға белгіленген Павлодар облысы Екібастұз қаласының Шідерті поселкісі, Қоянды ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
10 января 2024