Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Екібастұз қаласы бойынша 2024 жылғы 18 ақпанға Шідерті поселкесінің, Қоянды ауылдық округінің әкімдерін сайлау тағайындалғаны туралы хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Екібастұз қаласы поселкесі мен ауылдық округінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:
Шідерті поселкісінің әкімін - Шідерті поселкесінің шекарасындағы Шідерті сайлау округі;
Қоянды ауылдық округінің әкімін - Қоянды ауылдық округінің шекарасындағы Қоянды сайлау округі.
Екібастұз қаласы бойынша поселке мен ауылдық округ әкімдерін сайлау жөніндегі Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 48/2 мекенжайында орналасқан.
Екібастұз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы