Хабарлама

2023 жылғы 24 қыркүйекте бір сайлау округінде Солнечный поселкесі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиясының Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімін сайлау нәтижелерін хабарлайды:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3841 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген - 2017, соның ішінде: есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде – 20.  Жарамсыз бюллетеньдер саны - 96,  «Барлығына қарсы» белгісі бар -  147.

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен барлығы 3 кандидат сайлауға түсті: Ерсаин Серикович Аушакимов, Рауан Кайыпханович Жантелиев, Архат Аилханович Илеубаев.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Е.С. Аушакимов–  373, Р.К. Жантелиев – 413, А.Е., А.А. Илеубаев – 988.

Нәтижесінде Солнечный поселкесінің әкімі болып Архат Адилханович Илеубаев сайланды. Ол 1975 жылы туған, Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімі аппаратының «Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК директорі, Екібастұз қаласында тұрады, сайлауға өзін-өзі ұсынды.

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 сентября 2023