ЖОБА
ҚАУЛЫ
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 955/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 955/10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 мамырда «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Г.Ш. Кадырбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының
әкімі Е. Иманзаипов
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «___» __________
№ _____ қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «26» қыркүйектегі
№ 955/10 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарының тізбесі
|
р/с № |
Орналасу орындары |
Жалпы ауданы, шаршы метр |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
Жақын маңдағы инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда үйлері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері), қызмет саласы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
|
1 |
Естай Беркімбаев көшесі (№ 92 және 106-үйлер арасында) |
25 ш.м. |
5 жыл |
«Отрар» СҮ (саяжай өнімдерін сату) |
|
2 |
Кеншілер көшесі (№ 1 және 5 үйлер арасында) |
10 ш.м. |
5 жыл |
«Горняк» дүкені (саяжай өнімдерін сату) |
|
3 |
Мәшһүр Жүсіп көшесі, №22 үй (аула ішінде) |
15 ш.м. |
5 жыл |
«Нур» әлеуметтік павильоны (саяжай өнімдерін сату) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
|
4 |
Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі №47 және Бауыржан Момышұлы көшесі 40 «А» үйлердің арасында) |
10 ш.м. |
5 жыл |
«№ 73» дүкен (саяжай өнімдерін сату) |
|
5 |
Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша №52/5 үй және Абай көшесі, 55 бойынша №26 орта мектеп ғимаратының арасында) |
15 ш.м. |
5 жыл |
«Ақ қайың» дүкені (саяжай өнімдерін сату) |
|
6 |
Мәшһүр Жүсіп көшесі, №149 үй (аула ішінде) |
25 ш.м. |
5 жыл |
«Бахыт» дүкені (саяжай өнімдерін сату) |
|
7 |
Энергетиктер көшесі (№ 65 және 67 үйлер арасында) |
10 ш.м. |
5 жыл |
«Сауле» СҮ (саяжай өнімдерін сату) |