Павлодар облысы Екібастұз қаласы ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылының
әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2023 жылғы 15 мамырда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында «2023 жылдың 4 маусымда тағайындалған Екібастұз қаласының ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылдың әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» қаулы қабылданды.
2023 жылғы 15 мамырдағы сағат 18:00 - дегі жағдай бойынша Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылының әкіміне ұсынылған 3 кандидаттың 3 – уі тіркелді.
Олардың ішінде әйел – 1 (33%), ер адам 2 (67%). Үмікерлердің орташа жасы – 37 жас. Ең үлкен кандидат 47 жаста, ең жас –28 жаста.
Үміткерлер мамандығы бойынша: педагогикалық және құқықтану.
Үміткерлер қатарында: 1 – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 1 - мемлекеттік қызметкер, 1- бюджеттік ұйымның қызметкері.
2023 жылғы 15 мамырдағы сағат 18:00 - ден бастап ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылының әкіміне тіркелген барлық кандидаттар 2023 жылғы 2 маусым күні сағат 00:00 - ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 02 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ - тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут; радиодан - 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.
Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тең шарттарға кепілдік беріледі.
|
№ |
Ауылдық округ атауы |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны |
Тұратын жері |
Ұсынылуы |
|
1 |
ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылы |
Бозтаев Бауржан Кенжетаевич |
1976 |
өзін-өзі жұмыспен қамтыған |
Екібастұз қаласы ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылы |
өзін-өзі ұсыну |
|
2 |
Мукашева Роза Айдаркановна |
1988 |
«Екібастұз қаласы әкімдігінің Ә.Марғұлан атындағы ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы |
Екібастұз қаласы ак.Ә.Марғұлан атындағы ауылы |
өзін-өзі ұсыну |
|
|
3 |
Султанов Аманжан Ерланович |
1995 |
"Павлодар облысы білім басқармасының Екібастұз қаласы білім бөлімінің № 5 ЖОББМ" КММ, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары |
Екібастұз қаласы
|
өзін-өзі ұсыну |