Екібастұз қаласының Солнечный поселкесі әкімінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Екібастұз қаласыныңСолнечный поселкесі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Солнечный поселкесі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Солнечный поселкесі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Екібастұз қаласының әкімдігі бекітеді.

7. Әкім аппаратының толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласының Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

ресми тілде: государственное учреждение «Аппарат акима поселка Солнечный города Экибастуза».

Әкім аппаратының заңды мекен-жайы. Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141216, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, Конституция даңғылы, № 1.

8. Әкім апаратының жұмыс режимі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - ден 14.30- ға дейін, бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

9. Солнечный поселкесі әкімінің аппаратын Екібастұз қаласының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

10. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме.

11. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

Екібастұз қаласының Солнечный поселкесі әкімінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
17 ноября 2022