Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ

Екібастұз қаласы әкімдігінің

20__ жылғы «___» _________

№ ______қаулысымен

бекітілген

 

Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі

әкімінің аппараты туралы

ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Байет ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Байет ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Екібастұз қаласының әкімдігі бекітеді.

7. Әкім аппаратының толық атауы: «Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

Әкім аппаратының заңды мекен-жайы. Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141291, Байет ауылы, Ғарышкер Тоқтар көшесі, 1А құрылымы.

8. Байет ауылдық округі әкімінің аппаратын Екібастұз қаласының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме.

10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

11. Байет ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

12. Міндеттері:

1) Байет ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

Байет ауылдық округінің нормативтiк құқықтық және құқықтық актілерiнiң тіркелуін жүргізеді;

ауылдық округ әкімінің нормалық шығармашылық қызметін қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және Байет ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

Байет ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Екібастұз қалалық мәслихатына Байет ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

Байет ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

Байет ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергіліктіөзін-өзібасқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

мүлкі Байет ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдықокругтіңменшік (жергіліктіөзін-өзібасқарудыңкоммуналдықменшігі) құқығынқорғаудыжүзегеасырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі Байет ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзібасқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

интернет-ресурста жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды орналастыру;

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2) Байет ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі Байет ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

Екібастұз қаласы әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі Байет ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі Байет ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының <href="#z2">Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13.Әкімнің аппаратыөз құзыреті шегінде:

мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

14. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облысәкімінің және әкімдігінің, Екібастұз ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімінің аппараты

қызметін ұйымдастыру

15. Әкімнің аппараты әкімібасқарады.

16. Әкімнің өкілеттіктері:

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;

мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

оқушылардымектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiру;

халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

«Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

1) қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;

ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

қалада орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз ету;

қоғамдық автокөлiк қозғалысын ұйымдастыру;

өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде Екібастұз қаласының мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;

кіріс көздерін қалыптастыру;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қала бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

Байет з ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

Екібастұз қаласы әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша Байет з ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

елді мекен жерінде жануарларды бағу үшін орын белгілеу;

тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантиндік режимін және шектеу қоятын іс-шараларды енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринарлық режимін белгілеу туралы шешім қабылдау;

жұқпалы аурулар бар жануарлар ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін, бас ветеринарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай тиісті аумақтарда шектеулі іс - шараларды немесе карантинді алу туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысу;

ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша мемлекеттік пункттердің жұмыс істеуіне, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауға, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақ саласындағы жедел ақпаратты жинап, оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) беруді жүзеге асыру;

ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысу;

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі мамандық үздігі» конкурсын өткізу;

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

жайылымдарды пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шаралар өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;

тозған және тапталған жайылымдар туралы Екібастұз қаласы әкімдігін ақпараттандыру;

жер телімдерiнжеке меншiкке және жер пайдалануға береді;

қауымдық сервитуттар белгілейді;

жер телімдерiн алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде Екібастұз қаласының әкiмдiгіне ұсыныстар енгізу;

Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер телімiне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;

жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер телімдерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

әділет органдары жоқ жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;

шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

аудандық өкілді және атқарушы органдарға осы елді мекендерді кент, ауыл санатына жатқызу туралы, оларды қысқарту және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізу;

тиісті елді мекен халқының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға ауылдық округке атау беру және қайта атау туралы ұсыныстар енгізу;

аудандық өкілді және атқарушы органдарға ауылдық округтің шекарасын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешу;

пошта операторларына олардың аумақтарында өндірістік объектілерді орналастыруға жәрдем көрсету;

әкімшілік-аумақ бірлік аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу;

тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың меншік иелерімен, олардың абоненттік пошта жәшіктерін қамтамасыз етулері және тиісті пайдалануларына қатысты жұмыстарды жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету;

бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдау;

Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

17. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

18. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

19. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

20. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

4 -тарау. Екібастұз қаласының Байет ауылдық округінің әкімі аппаратының мүлкі.

21. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

22. Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Әкім аппаратында бекітіліп берілген мүлік Екібастұз ауылдық округінің(жергілікті өзін - өзі басқарудың) коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзге тәсілмен билік ету мүмкін.

5 -тарау. Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату.

25. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзегеасырылады.

Дата публикации
30 июня 2020