«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- әкім аппараты) Ақкөл ауылдық округі әкімінің (әрі қарай-әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқада функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппаратының Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы жергілікті атқару орган- Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.

5.Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және заңнамаға сәйкес мемлекет атынан түсуге құқылы.

7. Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты туралы Ереженің құрылымын Екібастұз қаласының әкімдігі бекітеді.

8.Әкім аппаратының толық атауы: «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Әкім аппаратының заңды мекенжайы: «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы 141230, Ақкөл ауылы, Школьный көшесі, 10/1 ғимарат.

9.Әкім аппаратын Екібастұз қаласы әкімдігі қалыптастырады, күшін жояды және қайта қалыптастырады

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
18 ноября 2022