«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты»
ММ басшысының м.а.
2017 жылғы «4» қыркүйегі
№ 3-03/21 бұйрығымен бекітілді
«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты
1. «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және Аппараттың ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін білдіреді.
Қоғамдық қатынастардың саласы: жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
Стандарт Аппаратың мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыруға, кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайына қол жеткізуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу үшін қалыптастырылды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандартты әзірлеушінің атауы: «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
3.Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың оқшауланған қоғамдық қарым-қатынастар саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері:
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын жүзеге асыру:
- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдау және дәйекті түрде оны іске асыру;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтау мен қорғау, олардың бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
- қоғам мен мемлекет игілігі үшін қызмет ету, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;
- табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту. Үшінші тұлғалардың мүдделерін қолдау, сол сияқты олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан бас тарту;
- басқа да мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;
- мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына бағдарланып, тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
- құқық бұзушылықтар және қылмыстар жасауға итермелеу әрекеттері туралы басшылыққа баяндау;
- «бір терезе» қағидаты шараларын кеңейту, мемлекеттік қызметтерді, лицензия немесе рұқсат құжаттарын алуға өтініш берушімен тікелей байланысын азайту;
- заңмен құпияға жатқызылған сипаттағы мәліметтерге немесе мемлекеттік қызметшігелауазымдық міндеттерін атқару кезінде мəлім болған қызметтік ақпаратқа сәйкес мемлекеттік қызметке байланысты емес мақсаттарда мәліметтерді жария етпеу және пайдаланбау;
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:
- рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
- қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;
- қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;
- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту;
- нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;
- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағы қызметкерлердің қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
- қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
- қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;
- қарамағындағы қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын реттеу туындаған жағдайда дер кезінде шаралар қолдану;
- қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою;
- қарамағындағы қызметкерлермен құмар ойындарға қатысудан бас тартуға;
- қарамағындағы қызметкерлердің қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауына жол бермеу,
-қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алуға итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;
- қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайда мүдделерін басшылыққа алудан бас тарту;
- қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуге жол бермеу;
- басқа адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасауға ынталандыру және итермелеуден бас тарту;
- әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық сыйлаудан бас тарту;
- қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдаудан бас тарту;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;
- егер жақын туысқандық қарым-қатынастардағы адамдар (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, жиендері, ағалары, апалары, әжелері, аталары, жұбайының жақын туыстары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, лауазымға тағайындаудан бас тарту;
- сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік таныту;
- сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамдатқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;
- атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлау;
- егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;
- әріптестерінің жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауын қолдау және талап ету;
-ықтимал мүдделер қарама-қайшылығы туындаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізу;
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
- заңдылық қағидасын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;