2023 жылғы 04 маусымға белгіленген Павлодар облысы Екібастұз қаласының Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Екібастұз қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының

2023 жылғы 26 сәуірдегі

№ 8 қаулысына

қосымша

 

 

2023 жылғы 04 маусымға белгіленген

 Павлодар облысы Екібастұз қаласының

Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

 

1. Екібастұз қаласының Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің  (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 26 сәуір

 (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2023 жылғы 06 мамырдан кешіктірмей                                                                                                                                         

                                                                                   (22-б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ақпаратты жариялау 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

 2023 жылғы 06 мамырдан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ақпаратты жариялау 

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -

2023 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау

 

  Екібастұз қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде -

2023 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе –

2023 жылғы 27 сәуірде басталып, 2023 жылғы 10 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады                                                                                         

                                                                                (113-3-б. 1, 5-т.)

7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-5-б. 11-т. 2) т.т.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға  қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

(113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда 2023 жылға белгіленген және 2023 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б.  2-т.)

 

12. 2023 жылғы 1 сәуірге активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және тиісті куәліктерді беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2023 жылғы 27 сәуірде басталып, 2023 жылғы 15 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жабдықтау

 

Жергілікті атқарушы органдар және қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 15 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 03 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                                  (27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                               (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкімнің қолы қойылған сайлаушылар тізімін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

Екібастұз қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 15 мамырға дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2023 жылғы 20 мамырдан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2023 жылғы 25 мамырға дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда

2023 жылғы 01 маусымнан ерте емес және 03 маусымнан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 2023 жылғы  04 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшін  арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Екібастұз қаласы Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімін сайлау қорытындыларын анықтау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап үш күндік мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 06 маусымнан кешіктірмей

(113-10-б. 1 т.)

 

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында Екібастұз қаласы Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялау

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституциямен және сайлау туралы Конституциялық заңмен әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін

2023 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей

 (45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
03 мая 2023