Павлодар облысының Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы

Павлодар облысының Екібастұз қаласы

академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімін

сайлауды тағайындау туралы

 

            Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1- бабының 1, 2, 3 тармақтарына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 04 маусымда Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімін сайлау тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 04 маусымға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Екібастұз қаласының әкімі аппаратының интернет-парақшасында, «Отарқа», «Голос Экибастуза» қалалық газеттерінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрайымы                                                            А. Оспанова    

 

Комиссия хатшысы                                                               Р. Оспанова

Дата публикации
26 апреля 2023