Екібастұза қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
қаулысымен бекітілген
№ 843/8
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
мемлекеттік тілде: «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
мемлекеттік тілде: «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты келесідей белгіленді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызмет аясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) қала әкімі мен әкімдігінің сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;
2) Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетігі мен тактикасын жетілдіру;
4) аймақтық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, шетелдік делегациялардың сапарларын, қала әкімінің Екібастұз қаласының ауылдық округтеріне, кенттері мен ауылдарына сапарларын ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік, материалдық-техникалық дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
2) қала әкімінің нормативтік қызметін қамтамасыз етеді:
қала әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
қала әкімінің заң шығарушылық қызметінің тетігін жетілдіру және заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша шаралар қабылдайды;
қала әкімінің қарауына енгізілген нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізеді, әкімдік пен қала әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;
3) қала әкімінің қалалық мәслихатпен (бұдан әрі – Мәслихат) қарым-қатынаста өкілеттіктерін қамтамасыз етеді:
қала әкімін мәслихаттағы және оның тұрақты комиссияларындағы заң шығару қызметінің жай-күйі, олар қарастырып отырған мәселелер туралы үнемі хабардар етеді және қала әкімінің шешімдер жобалары бойынша ұстанымын түсіндіреді;
қала әкіміне мәслихаттың шешімдер жобаларын қарауының басымдығын анықтау, сессиялар аралығында мәслихаттың кезектен тыс отырыстарын шақыру және қала әкімінің мәслихат отырыстарына қатысуының орындылығы туралы ұсыныстар енгізеді;
4) қалалық бағдарлама құжаттарын әзірлеуге және іске асыруды бақылауға қатысады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкіміне мемлекеттік наградалармен марапаттау, қала әкімін көтермелеу және құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді;
6) қала әкіміне қала әкімі мен әкімдікке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңесші органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізеді;
7) қала әкімі мен әкімдігіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік органдардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімінің әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
9) қала әкімінің аймақтық саясат саласында өкілеттіктерін жүзеге асырады:
қала әкіміне аймақтық саясат стратегиясы, қаланың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен сындарлы жұмысы бойынша ұсыныстарды болжау және әзірлеуді жүзеге асырады;
қала әкімі мен ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қала әкімінің актілері мен тапсырмаларын сөзсіз және толық орындауын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
10) қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық қолдауды жүзеге асырады:
ішкі саяси жағдайды, қалалық басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысын талдайды, қоғамдық пікірді зерттейді, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуын болжайды, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша ұсыныстар дайындайды;
ақпарат жинайды және өңдейді, сондай-ақ қала әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;
қала әкімі мен қоғам арасындағы БАҚ арқылы қарым-қатынастың орнауын және үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, әкімдік пен қала әкімі қабылдаған актілерді түсіндіруге қатысады;
11) Екібастұз қаласында кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді:
кадр жұмысының жай-күйін талдайды;
кадр резервін қалыптастырады;
атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін қамтамасыз етеді;
қала әкімімен келісілген және тағайындалған лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметіне қатысты басқа да мәселелерді шешеді және олардың жеке істерін жүргізеді;
мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерін және қала әкімімен тағайындалатын және келісілетін басқа да лауазымды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
12) қала әкімінің қызметін құжаттамалық қолдауды қамтамасыз етеді:
қала әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді;
әкімдік пен қала әкімінің актілерінің, консультативтік-кеңесші органдардың құжаттарының жариялануын, тиісті түрде орындалуын және таратылуын қамтамасыз етеді;
кеңсе жұмысын ұйымдастырады;
жеке және заңды тұлғалардың ресми құжаттарын және өтініштерін қарайды;
жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды ұйымдастырады;
қала әкіміне келіп түскен хат-хабарларды қоса алғанда, құжат айналымына талдау жүргізеді;
қала әкімдігі мен әкімінің актілерін сақтауды, жүйелеуді және кодификациялауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік тілді енгізуге, іс жүргізу ережелерін сақтауға және оларды жетілдіруге, жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған шараларды қабылдайды;
қала әкімінің кеңсесінде тұрақты мұрағаттық сақтау мерзімі бар құжаттарға ғана ерекшелік жасай отырып, қағаз тасымалдағыштарда қайталанбайтын цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, толық ішкі электрондық құжат айналымы жүйесіне көшуді ұйымдастырады;
13) мемлекеттік мекемеде құпиялылық режимін сақтауды қамтамасыз етеді, қала әкімі тағайындаған лауазымды тұлғалардың құпия құжаттарға қол жеткізуіне арналған материалдарды дайындайды;
14) атқарушы органдар мен департаменттер дайындаған әкімдік пен қала әкімі актілерінің жобаларын сараптауды және қажет болған жағдайда қайта қарауды жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
16) заңмен өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындайды.
1) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы кәсіпкерлік субъектілерінен (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрау және алу;
2) аймақтық деңгейде шешілуі қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды аймақтық мемлекеттік органдарға енгізуге;
3) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктерін орындау үшін қаланың басқа атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) қала әкімдігінің бекітуіне «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені енгізеді, оның құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
3) қала әкіміне басшылық лауазымдарға тағайындауға кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
7) мемлекеттік органның төлемдерді, оның ішінде қаражат алушылардың тиісті шоттарына төлемдерді орындауы бойынша қазынашылық органдарымен тоқсан сайынғы салыстыруды қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
9) қала әкімі тағайындаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану немесе алып тастау туралы ұсыныстарды қала әкімінің қарауына енгізеді;
10) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
11) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкімдік пен қала әкімінің актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуын және құжаттардың өтуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
12) қала әкіміне әкімдік пен қала әкімі актілерінің жобаларын, сондай-ақ қала әкіміне жолданатын басқа да құжаттар мен материалдарды қол қою және қарау үшін ұсынады;
13) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржылық ресурстарды басқарады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) әкімдік пен консультативтік органдардың отырыстарын дайындауды үйлестіреді;
16) қала әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін экономикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
1) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы бойынша қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) құрылымдық бөлімшелерге жүктелген міндеттерді орындауға, қала әкімінің актілері мен нұсқауларын, әкім орынбасарларының нұсқауларын, "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының нұсқауларын уақтылы және кешенді орындауға жауапты, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, жұмысты ұйымдастыруды және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеңсе жұмысын жүргізуге жауапты.
1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың иелігінде бар кез келген ақпараттық дерекқорларды пайдалануға;
2) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық қызметіне қатысты мәселелерді қарау кезінде әкімдіктің отырыстарына, қала әкімінің аппараттық отырыстарына, қала әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін басқа да атқарушы органдардың отырыстары мен алқаларына қатысуға;
3) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен ресми хат алмасу жүргізеді.
1) қала әкімдігінің отырыстарына, қала әкімінің аппараттық жиналыстарына, қала әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін қаланың атқарушы органдары мен консультативтік-кеңесші органдарының отырыстары мен алқаларына, қаланың атқарушы органдары мен ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдері өткізетін іс-шараларға қатысуға;
2) «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлеріне қаланың атқарушы органдары және басқа да лауазымды тұлғалар дайындаған белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін актілердің жобаларын қайта қарауға қайтару туралы ұсыныстар енгізу.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату