2022 жылы жергілікті атқарушы органдары 39539 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде мемлекеттік қызмет берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда - 167, Мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы -39372.
Азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын танымал ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жүйелі негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.