Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1 және 4-тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  2. Қаулы Екібастұз қалалық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде орналастырылсын.
Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022