Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 «Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 15 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Екібастұз қалалық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде орналастырылсын.
Екібастұз қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022