«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны»

       «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» іске асыру шеңберінде келесі жәрдемдесу шаралары көрсетілді:

- «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша №17 сәбилер бақшасына 3 адам жіберілді және жұмысқа орналастырылды;

- бірінші жұмыс орнына жолданды және жұмысқа орналастырылды - №17 сәбилер бақшасына 3 адам;

- «Күміс жас» жобасы бойынша - 3 адам «Шырақ» ПИК-ке, №17 сәбилер бақшасына жіберілді және жұмысқа орналастырылды;

- елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшы ретінде қоғамдық жұмыстарға жіберілді - 13 адам;

- жастар практикасына - №17 сәбилер бақшасына 14 адам, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Солнечный кенті әкімінің аппараты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына - «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да техник-бағбан ретінде 3 адам;

- «Тігінші» мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқудан өтті - 1 адам;

-Бастау-Бизнес бойынша оқудан өтіп, 3 қатысушыға 400 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар берілді: үй кеспесін дайындау және сату, дәнекерлеу жұмыстары, мал шаруашылығын дамыту.

Жаңа жұмыс орындары құрылды - 47, жоспар бойынша 40 адам.

NEET жастар арасынан 7 адам жұмысқа орналастырылды.

 

 

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 3 отбасы (17 адам) қандастар және оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылардың 1 отбасы (5 адам) қоныс аударды.

 

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны»
Дата публикации
22 ноября 2022