1-тарау. Жалпы ережелер
1. Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкімнің аппараты туралы осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Екібастұз қаласының әкімдігі бекітеді.
7. Әкім аппаратының толық атауы: «Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Әкім аппаратының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, 141218, Төрт-Құдық ауылдық округі, Төрт-Құдық ауылы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 10-ғимарат.
8. Әкімнің аппаратын Екібастұз қаласының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.