Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №764/8 қаулысымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құрамы қайта бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 – баптарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб (бұдан әрі – штаб) құрылсын.
  2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы» № 171/3 қаулысымен құрылған штаб қызметі тоқтатылсын.
  3. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы штабтың дербес құрамын Екібастұз қалалық мәслихаты сессиясының қарауына және бекітуіне енгізсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №764/8 қаулысымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құрамы қайта бекітілді.
Дата публикации
11 ноября 2022