Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Қоянды ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

     3.Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

  1. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  2. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  3. Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Екібастұз қаласының әкімдігі бекітеді.
  4. Әкім аппаратының толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

ресми тілде: государственное учреждение «Аппарат акима Қояндинского сельского округа города Экибастуза».

Әкім аппаратының заңды мекен-жайы. Қазақстан Республикасы, 141200, Павлодар облысы, Қоянды ауылдық округі, Екібастұз қаласы, Бесқауға ауылы, Машхур Жусупа Копеева  көшесі, 2 ғимарат.

  1. Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты Екібастұз қаласының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  2. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме.
  3. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
11 ноября 2022