Екібастұз қалалық мәслихатының Екібастұз қаласы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы шешімдерінің жобаларына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.

Алайда, 2021 жылдың қазан айында типтік ережелерге өзгерістер енгізілді. Мәслихат шешімдерінің осы жобаларымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып Екібастұз қаласының 11 ауылдық округі, кенттері және ауылдары бойынша Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің жаңа қағидалары бекітіледі:

Екібастұз қалалық мәслихатының Екібастұз қаласы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы шешімдерінің жобаларына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
01 июня 2022