Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес.
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 276/5 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысы, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 791/10 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысы негізінде «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімі аппаратының «№17 «Жидек» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны облыстық коммуналдық меншікке берілді.
Осыған байланысты, «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережелерінде «Солнечный поселкесі әкімі аппаратының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» бөлімінде «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімі аппаратының «№17 «Жидек» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны алынып тасталады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы шешімнің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.