ЖОБА Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №341/4 «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №341/4 «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты туралы ережені бекіту туралыә қаулысына (Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №39/1 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасындағы «Солнечный поселкесі әкімі аппаратының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлімде 1-тармақ алынып тасталсын.

2. Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ЖОБА Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №341/4 «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
27 июня 2022