Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңы 23-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 07 ақпандағы «Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы қала әкімінің шешім жобасы әзірленген.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.