Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» № 1115/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы әкімдік қаулысының жобасы әзірленген.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.