Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-306 болып тіркелген) № 1115/10 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша), барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.