Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік әдістемесінің негізінде әзірленген.
2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының № 247 бұйрығымен жоғарыда көрсетілген Үлгілік әдістемеге өзгерістер енгізілді.
Жобаның мақсаты Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.