Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 843/8 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» № 377/4 қаулысы жойылсын.
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 843/8 қаулысы жойылсын.
- Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.