Жоба «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Екібастұз қаласы Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық округтерінің аумақтарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту рәсімдердін одан әрі жүргізу үшін әзірленді.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы шешімнің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.