Мемлекеттік қызметтер қоғамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған стратегиялық əлеуметтік институттардың бірі болып табылады.
Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданғаннан бері Үкімет мемлекеттік қызметтерді дамыту, стандарттау жəне автоматтандыру бойынша бірқатар өзгерістерді жүзеге асыруда.
Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу мемлекет пен халықтың тиімді өзара іс-қимылын дамытуды қолдаудың тиімді тетігіне айналуда.